Атырауда министрлік шешімімен жабылған институт лицензиясын қайтарып алды
АСТЫРАУ. ҚазАқпарат - Сот Білім және ғылым министрлігінің шешімін заңсыз деп танып, білім беру мекемесінің құқығын қалпына келтіруге міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты білім беру қызметін жүргізу құқығын сот арқылы қалпына келтірді. Бұл туралы институт ректоры Әділбек Тұрдалиев пен құрылтайшысы Ерсайын Ихсанов мәлімдеген.
Енді Білім және ғылым министрлігі бір айдың ішінде оқу орнына лицензиясын қайтаруы керек. Ректордың айтуынша, барлық профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттерге оқу процесінің қайта жанданғаны туралы хабарлама жіберілді.
«Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Білім және ғылым министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі бұйрығы мен актісін заңсыз деп таныды. Сот үкімі 2022 жылдың 10 қазанында заңды күшіне енді. Шешім бір ай ішінде орындалуы керек», - делінген Атырау облыстық сотының хабарламасында.
Еске салайық, 2022 жылдың сәуірінде Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік стандарт пен біліктілік талаптарына сәйкес келмегендіктен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының лицензиясын қайтарып алған болатын. Ал білім ордасында 1640 студент оқитын. Институт басшылығы министрлік шешімімен келіспей, сотқа шағымданған.