Атырауда мүгедектер мен жүргізушілерден пара алғандар сотталып жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департаментінің хабарлауынша, олар жүйелі түрде мүмкіндігі шектеулі жандардан мүгедектікті кедергісіз ұзарту үшін 30-70 мың теңге аралығында пара алған.
«Сонымен қатар, Атырау облыстық көлік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар жүк тасымалымен айналысатын тұлғалардан республикалық маңызы бар жолдарда кедергісіз жүру, әкімшілік жауапкершілікке тартпау және жалпы қамқоршылыққа алу үшін барлығы 10 млн тенгеден жоғары соммада бірнеше рет пара алған. Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер үй қамаққа алынды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Антикор аталған істерге қатысты өзге ақпарат жариялануға жатпайтынын да мәлімдеген.