Атырауда мұнай-газ саласындағы кадрларды дайындау мен қайта дайындауға арналған 700 орындық аймақаралық орталықтың құрылысы аяқталуға таяу - Ж.Түймебаев
Олардың 513-і - мемлекеттік, 369-ы - жекеменшік оқу орындары. Бұл мәліметтерді бүгін елдегі кәсіптік-техникалық білім беруге байланысты Астанадағы Политехникалық колледжде өткен көшпелі жиында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің деректеріне қарағанда, республикада 2008-2009 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында 360 орындық кәсіптік лицей салынған. Сондай-ақ 420 орындық осындай лицей «Теңізшевройл» ЖШС-ның есебінен Атырау облысының Құлсары қаласында пайдалануға берілген. Ал елордамызда «Қазақмыс» ЖШС-нің есебінен жетім балаларға арналған 300 орындық кәсіптік лицей бой көтерді. «Қазіргі таңда республикалық бюджет есебінен Астанада - 800 орындық, ал Оңтүстік Қазақстан облысының Шаян ауданында 360 орындық кәсіптік лицейлердің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ Екібастұзда 700 орындық отын-энергетика саласындағы кадрларды дайындауға арналған аймақаралық орталықтың құрылысы жалғасуда. Осы уақытта Атырауда мұнай-газ саласындағы кадрларды дайындау мен қайта дайындауға арналған 700 орындық аймақаралық орталықтың құрылысы аяқталуға таяу», деді министр.