Атырауда мұнай өнімдерімен ластанған аумақ тазартылады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында мұнай өнімдерімен ластанған бұрынғы «Ақжайық» жуу-булау станциясының аумағы тазартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда мұнай өнімдерімен ластанған аумақ тазартылады

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір станция аумағында арнайы техникамен тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

«Қазақстан темір жолдары» АҚ өкілдері 1 наурызға дейін «Ақжайық» ЖБС аумағын мұнай өнімдерінен тазартып, ластанған топырақ пен қалдықтарды бетондалған бассейндерге жинап, кейін шығарады. Аталған мерзімге дейін станция аумағындағы атқарылып жатқан жұмыс қадағаланатын болады» - дейді департамент басшысы Әлібек Бекмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының экологтары 5,1 млрд теңгені өндірген болатын.