Атырауда мұнай ұрлады деген күдікпен ҰҚТ-ның 14 мүшесі ұсталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда мұнай ұрлады деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) 14 мүшесі ұсталды. Олар облыстағы мұнай кенішінен ұзақ уақыттан бері мұнай ұрлап келген деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың өңірдегі тілшісі.
«14-15 сәуір күндері жүргізілген операция кезінде жалған құжатпен рәсімделген 100 тонна мұнайды ҚР шекарасынан асырмақ болған 6 жүк көлігі ұсталды. ҰҚД ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық), 196-бабы (Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу), 197-бабы (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) және 264-бабы (Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша сотқа дейгі тергеуді бастады», - деп хабарлайды Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Мәлім болғандай, 14 күдікті - ҚР және РФ азаматтары.