Атырауда нәрестелерге Ибраһим, Айша есімдері көп беріледі
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласының тұрғындары дүниеге келген сәбиіне Ибраһим, Айша есімдерін көп таңдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметінше, биылғы жыл басынан бері 10 014 бала дүниеге келген.
«Ата-аналар ұлына елімізге кеңінен танымал тұлғалардың есімін беруді қалайды. Мәселен, 164 отбасын кішкентай Ибраһимдер қуанышқа бөледі. Ал, Әлихан есімі 136 ұлға берілген. Нұрислам есімі де танымал болып отыр. Қазір осындай есімді алған 128 ұл бар. Сондай-ақ, 119 Ахмад есімі рәсімделді», - деп хабарлады қалалық бөлімнің мамандары.
Қыздарға қойылған есімдердің көшбасында Айша тұр. Бүгінде әлі 1 жасқа толмаған 226 Айша мен 225 Раяна ата-аналарын бал қылығымен қуантып отыр. Сонымен бірге, 221 Айлин мен 195 Медина да өсіп келеді.