Атырауда науқастар темір керуетке матрассыз жатуға мәжбүр болған

Бұл жайт «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жүргізген мониторинг барысында белгілі болды.
«Мониторинг ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментімен бірге жүргізілді. Шара барысында 1973 жылы салынған диспансер ғимаратының бүгінгі жағдайы мүшкіл екеніне көз жеткіздік. Ғимараттың едені сықырлап, есік-терезелері тозған. Жиһаздар ескірген, түнеріп тұрған палаталарда науқастар тығылысып жатыр. Темекінің иісі сіңген палаталарда перде ұсталмаған. Тіпті науқастар темір керуетке матрассыз жатуға мәжбүр. Диспансер басшыларының айтуынша, мұндағы науқастар төсек-орын жабдығын тез тоздырады екен. Құжат бойынша оның мерзімі - үш ай» -дейді «Атырау –адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлфия Әдиева.
Қазір аталған диспансерде 64 ер мен 55 әйел стационарлық ем қабылдап жатыр. Оған қоса, 14 адам депрессия және невроз диагнозымен емделуде.