Атырауда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы меморандумдарға қол қойды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы меморандумдарға қол қойды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне, партияның баспасөз орталығы.
Айта кетейік, өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға облыстық білім беру басқармасы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Атырау өңірлік филиалы арасында бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру барысында өзара қолдау мен белсенді ынтымақтастықпен қамтамасыз етуді көздейді.
Партия қолға алған жаңа жобалардың қатарында цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған тың бастамалар бар. Бұл жобалар алдымызда тұрған ең басты мақсат - ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға және қазақстандықтардың әлемдік бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға өз септігін тигізеді», - деді «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев.
Нұрлыбек Ожаевтың айтуынша, партиялық жаңғыру аясында алдағы уақытта облыс көлемінде балаларға арналған 10 IT-сынып ашылып, 8 жастан 16 жасқа дейінгі мектеп оқушылары бағдарламалау және робот техниканың негіздері жайында тереңдетілген білім алмақ. Атап айтқанда 2018 жылы -700, 2019 жылы - 1500, 2020 - 2000 баланы оқыту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ жақын күндері Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында ІТ - орталық ашылады. Орталықта жас ерекшелігіне қарамастан ниет білдіруші азаматтар цифрлы сауаттылықтарын арттырып, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы веб-бағдарламаларды жасақтауға оқи алады.
Яғни партия жоба аясында азаматтардың цифрлы сауаттылықтарын арттырып қана қоймай, олардың әлемдік ірі жобаларға қатысатын бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жағдай жасамақ.
