Атырауда облыс прокурорының көмекшісі үйқамаққа алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қалалық №2 сотының тергеу судьясы Атырау облысы прокурорының көмекшісі С.-ны 2 ай мерзімге үй қамақта ұстауға санкция берді. Бұл туралы қалалық №2 соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Азамат С. ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеп жатқан тұлғалардың құқықтарының сақталуын қадағалау басқармасында Атырау облысы прокурорының көмекшісі бола тұра мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қайшы қасақана ауыр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға қатысты деп күдіктелуде.
Сондай-ақ судья тергеу тобының күдіктіні уақытша жұмыстан шеттету туралы ұсынымын қанағаттандырды.
Тергеу іс-шаралары жалғасуда.