Атырауда облыстық аурухананың 37 жастағы медбикесі коронавирустан жазылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Инфекциялық стационардан медбикемен қоса 18 жастағы жігіт те айығып шықты, деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабы.
« 23 сәуір күні Атырау облысында коронавирустан тағы екі адам жазылды. Аурудан айыққандар - облыстық аурухананың 37 жастағы медбикесі және 18 жастағы жергілікті тұрғын. Екеуіне жасалған ем-шарадан соң тест нәтижесі Covid-19 жоқ екенін көрсетіп, олар инфекциялық стационардан шығарылды « делінген хабарламада .
23 сәуір сағат 13.00-дегі мәліметтерге сәйкес, инфекциялық стационарда - коронавирус жұқтырған 51 науқас, провизорлық стационарда - ЖРВИбелгілері бар 16 адам, карантиндік стационарда - 103 жергілікті тұрғын бар.
Ал, 2843 адам үй карантинінде жатыр.