13:16, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Атырауда облыстық перзентхананың бас дәрігері жаңа туған нәрестені 4 мың долларға сатпақ болған
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Атырауда жаңа туған сәбиді 4 мың долларға сатпақ болған дәрігер ұсталды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Департамент бастығының айтуынша, сәбиді саудалап пайда таппақ болған азамат Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігері Ж. Құшалиев болып шықты. Тәртіп сақшылары оны арнайы жедел-іздестіру шарасының барысында қолға түсірген. Оны ұстау барысында дәрігердің қызмет кабинетінен 1 мың 900 АҚШ доллары табылған. «Ал сатып алушы нәрестені қандай мақсатпен алып отырғандығы белгісіз. Қазіргі таңда бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», деді Б.Қожахметов.