Атырауда облысында 99 бала мен 22 жүкті әйел коронавирустан емделуде

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда облысында коронавирус инфекциясынан 99 бала мен 22 жүкті әйел емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда облысында 99 бала мен 22 жүкті әйел коронавирустан емделуде

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 22 жүкті әйелдің 12-сі инфекциялық стационарларда ем-дом қабылдау үшін оқшауландырылған.

«Жүкті әйелдердің 10-ы амбулаториялық деңгейде ем алуда. Қазір коронавирус инфекциясын жұқтырған 99 бала бар. Оның ішінде 2 бала инфекциялық стационарда, ал 97 бала амбулаториялық емделуге жіберілді», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, инфекциялық стационарлардың жансақтау бөлімінде жатқан 14 науқастың жағдайы ауыр. Жағдайы өте ауыр 3 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Еске салайық, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырған балалар мен жүкті әйелдер саны артқанын жазған едік.