Атырауда өңірлік оқушыларды тестілеу орталығы ашылды

«Қазақстанда жобаны іске қоспас бұрын әлемдік тәжірибе тыңғылықты зерделенді. Бүгінде орталықтар Алматы, Шымкент, Ақтау, Тараз, Ақтөбе, Талдықорғанда сәтті жұмыс істеуде. Таяу уақытта мұндай орталықтар Қызылордада және елдің солтүстік өңірлерінде де ашылады. Технологиялық мүмкіндіктер, бірегей контент, талдаудың арқасында мыңдаған оқушылар емтиханға үздік дайындала алуда», - деді атыраулық филиалдың ашылу барысында онлайн-тестілеу орталығының директоры Әлжанбек Көшербаев.
Орталық филиалы жаңа техникалық жабдықпен жарақталған және 150 орынға есептелген.
Тестілеуден өткеннен кейін оқушыларға өзіндік есеп беріледі. Онда мектеп бағдарламасы бойынша білім берудегі олқылықтар атап өтіледі. Соның негізінде ұсынымдар беріледі. Өзінің білмегенін талдаған оқушылар қосымша сабақтарға жазылып, үздік ұстаздардың видео сабақтарына қолжетімділік ала алады.