Атырауда орталық көпір бес айға жабылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда орталық көпір бес айға жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық мәслихатының кезекті сессиясында орталық көпірге қатысты екі жоба ұсынылды. Оның бірі – көпірге күрделі жөндеу жүргізу. Екіншісі – жаңа көпір құрылысын салу. Жаңа көпірді салу мерзімі 35 айға созылмақ. Сол себептен, мәслихат депутаттары бес айда жүргізілетін күрделі жөндеу жобасына қолдау білдірді.

«Орталық көпірдің жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Жобаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 920 млн 488 мың 988 теңгені құрайды. Әзірленген жоба аясында бағандар, тіреуіш қабырғалар, аралық құрылғының арқалықтары, тірек бөліктері жөнделеді. Көпір үстіндегі асфальт төсемін, су бұру жүйесін ауыстыру жоспарланды. Жаңа сәндік қоршаулар, жарықтандыру аспаптары орнатылады. Қоршау блоктарына жөндеу жүргізіліп, жолға көрінетін жағы сырланады», -деп хабарлады қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен.


Соңғы жаңалықтар