Атырауда өртенген қорадағы қойлар жанып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда өртенген қорада 6 қой тірілей жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда өртенген қорадағы қойлар жанып кетті

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, өрт кеше, 23 шілдеде Қызылбалық ауылында болған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 17:43-те Атырау қаласының маңындағы Қызылбалық ауылында қораның өртенгені туралы хабар түсті. Жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрайтын қораны өрт шарпыған. Қораға 12 бас қой болған. Оқиға орнына 2 көлікпен келген арнайы қызметтің 8 қызметкері өртті сөндіру кезінде 6 бас қойды құтқарып қалды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалын сағат 18:16-да ауыздықталып, сағат 18:22-де толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көлік жөндеу орталығында 8 автомобиль өртеніп кеткен еді.