Атырауда өртенген пәтерден 5 адам құтқарылып, бір адам ауруханаға жеткізілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда өртенген пәтерден 5 адам құтқарылды. Оның ішінде үш бала бар. Ал, денесін күйік шалып, көмірқышқыл газына уланған бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Облыстық төтенше жағдайлар департаментің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт 17 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 03:05-те тұтанған.

Атырау қаласының Азаттық даңғылында орналасқан №49-а мекенжайындағы көп қабатты үйдің пәтері өртенген. Шакырту орнына жеткен өрт сөндірушілер жалпы аумағы 90 шаршы метр болатын пәтердің бөлмесінде ас тұрмыстық бұйымдар өртенгенін анықтады. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған.

Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері жалын шарпыған пәтерден 5 адамды құтқарды. Оның ішінде 3 баланы кіреберіс дәлізіндегі баспалдақ арқылы қауіпсіз жерге алып шықты.

«Өрттің салдарынан 1991 жылғы азаматың денесін күйік шалып, оның үстіне көмірқышқыл газына уланғаны анықталды. Зардап шеккен тұрғын жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді», -деп мәлім етті қоғаммен байланыс тобынан.

Жалын сағат 03:40-та оқшауланып, сағат 03:53-те толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 12 кызметкер мен 3 техника тартылды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда екі күнде «Гаухартас» тұрғын үй кешенінен үш рет өрт шыққанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар