01:21, 08 Мамыр 2017 | GMT +5
Атырауда Отан қорғаушы күнін мерекелеу отшашумен аяқталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау Отан қорғаушы күнін кеңінен атап өтті, мерекелік шара кешкі отшашумен аяқталды.
Басты шаралар облыс орталығындағы Исатай мен Махамбет атындағы алаңда өтті. Түске дейін алаңда «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімшелері парад өткізді. Әскери парадқа барлық әскер түрлері - жаяу, ішкі, мотоатқыштар, ҰҚК шекара қызметі, барлаушылар мен байланысшылар әскерлері қатысты. Оған қатысушылар саптық шеруді, әскери жекпе-жек өнерін көрсетіп, кейінен жұртшылық назарына концерт бағдарламасы ұсынылды.
Мерекелік шаралар кешке қарай концертке ұласып, соңында отшашу атылды.