Атырауда отбасы және татуластыру орталықтары ашылды
Орталықтар дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын кеңінен қолдану ретінде, сондай-ақ, неке мәселелеріне қатысты даулар санын азайту үшін жұмыс істейді.
Орталықтардың ашылуы барысында Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Көміршинов отбасылық құндықтарды сақтау керектігін атап өтті.
«Тәртіп пен заң өзгерсе де, отбасылық құндылықтар өзгермейтін киелі әрі мәңгілік ұғым. Барлық жақсылық атаулы отбасынан бастау алады. Сондықтан, осындай орталықтарды құра отырып, белгілі бір биліктің өкілі ретінде біз азаматтарға отбасын сақтауда көмек көретуге барлық жағдайларды жасауымыз қажет», - дейді Манат Көміршинов.
Айта кетейік, орталықта қызмет етуге этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, кәсіби медиаторлар, психологтар, қорғаушылар, жұмыспен қамту және дағдарыс орталықтардың өкірдері тартылды.