Атырауда отыздан астам адамның 29 млн теңгесін жымқырған алаяқтың ісі сотқа жолданды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 35 адамның 29 миллион теңгесін жымқырған алаяқтың ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, алаяқ алдымен туыстарын алдаған.

«Атырау қаласының тұрғыны алаяқтық жолымен 35 адамның ақшасын алып, қалтасына басқан. Алаяқ алдымен өзінің туыстарын қаладағы «Нұрсая» шағын ауданынан арзан бағамен пәтер алып беремін« деп арбауына түсірген. Жәбірленушілерден Kaspi.kz қосымшасы арқылы банк картасына ақша аудартқан, тіпті кейбіреулерінен қолма-қол ақша алған. Өзінің қызметін 300 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін бағалаған. Сөйтіп, азаматтардың 29 млн 300 мың теңгесін жымқырған. Ал, алдын ала төлем жасап, пәтер күткен қала тұрғындары өздерінің алданғанын алаяқ әйел телефонын өшіргенде бір-ақ білген» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір алаяқтық күдігіне ілінген 32 жастағы әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда алаяқ әйел тұрғындарды жер телімін әперем деп алдағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар