18:51, 07 Сәуір 2023 | GMT +5
Атырауда ойыншық көліктер жол ережесін бұзды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде ойыншық арбалардың Атырау қаласының орталығында көлік жолында жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау қалалық полиция басқармасынан білгеніміздей, құқықбұзушылыққа жол берген тұрғын жауапқа тартылған.
«5 сәуір күні Тайманов-Құлманов көшелерінің қиылысы тұсында ойыншық арбалар көлік қозғалысына кедергі жасап, жол ережесін бұзғаны анықталды. Ол бойынша 2001 жылы туған азамат анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды. Қала тұрғындарынан жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз», - дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулет.
Айта кетейік, бұған дейін Атырауда күн райының қолайсыздығынан бір күнде 24 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін жазған едік.