Атырауда «Өзгеге өмір сыйла» акциясы аясында 90 донор қан тапсырды

АТЫРАУ.ҚазАқпарат- Атырау облыстық қан орталығында бүгін сағат 9-дан 12-ге дейін қан қабылданды, осы уақыт аралығында донорлар 43 литр қан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда «Өзгеге өмір сыйла» акциясы аясында 90 донор қан тапсырды

«Процедурадан бұрын қан тапсырғысы келген адамдардың денсаулығының жай-күйі, қан құрамы, гемоглобиннің деңгейі және қан қысымының өлшемі тексерілді. Акция барысында қан аурулары, жол-көлік оқиғаларында жарақат алу және т.б. үшін қан жиналды»,- дейді шараны ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, «Өзгеге өмір сыйла» акциясының ұйымдастырылуына ықпал еткен Азаматтық орталық.