Атырауда өзгенің несие картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда өзгенің несие картасын пайдаланған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мақат аудандық полиция бөліміне әйел адам арызданып, белгісіз біреудің өзінің несие картасынан ақша аударып алғанын айтқан.
«1994 жылы туған азаматша несие картасын жоғалтқанын мобильді телефонына ақша шешілгені туралы хабарлама келгенде бір-ақ білген. Оның несие картасымен бірге пин-код нөмірі қағазда жазулы болған. Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іс шаралар кезінде күдікті Ақтөбе облысының тұрғыны екені анықталды. Қазір 40 жастағы азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» -деп хабарлады департамент бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев
Оның мәліметіне сүйенсек, биылғы жыл басынан бері Атырау облысында интернет-алаяқтықтың 400-ге жуық дерегі тіркелген. Осы кезге дейін алаяқтық қылмыстардың 150-ден астамы ашылып, кінәлі адамдар жауапқа тартылған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда әйелден 150 мың теңге бопсалаған тұрғын ұсталған еді.