Атырауда пара алған тергеушіге10 млн. теңге айыппұл салынды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың №2 қалалық соты мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің тергеушісін 500 мың теңге көлеміндегі пара алғаны бойынша айыптау ісін қарады.
«Сот оған қатысты 10 млн. теңге көлеміндегі айыппұлды төлеу үкімін шығарды. Сотталушының мүлкі тәркіленеді. Сондай-ақ ол өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және шенінен айырылды», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.