Атырауда Парламент Мәжілісінің депутаттығына 20 кандидат ұсынылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Парламент Мәжілісінің депутаттығына 20 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 16 кандидат өзін-өзі ұсынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда Парламент Мәжілісінің депутаттығына 20 кандидат ұсынылды

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, алдағы сайлауда Парламент Мәжілісінің депутатына бірмандаттық сайлау округінен 1, ал, әр деңгейдегі 9 мәслихатқа 140 депутат сайланады.

«Атырау облысында Парламент Мәжілісі және мәслихат сайлауына ұсынылған барлық кандидаттың саны – 496. Парламент Мәжілісі депутатын сайлау жөніндегі №13 бірмандаттық сайлау округіне 20 кандидат ұсынылды. Оның ішінде өзін-зі ұсынған 16 кандидат бар. Төрт кандидат – Аmanat, Ақжол, Ауыл, ЖСДП партияларының өкілдері», -деп хабарлады аумақтық сайлау комиссиясынан.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидаттардың арасында бір зейнеткер мен 3 жұмыссыз бар.

Кандидаттардың басым бөлігі басшылық қызметте істейді.

Кандидаттардың біреуі бұрын Парламент Сенатының, тағы біреуі Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Екеуінің мамандығы – заңгер, қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің түлегі. Бұрынғы депутаттардың екеуі де өзін-өзі ұсынған.

Кандидаттардың арасында Атырау қаласының бұрынғы әкімі де бар. Ол да өзін-өзі ұсынып отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін бұдан бұрын Атырау облысында әр деңгейдегі мәслихаттарға 140 депутат сайланатынын хабарлаған едік.

«Атырау облыстық мәслихатының 30 депутатының 50% (15 депутат) мажоритарлық жүйе бойынша, 50% (15 депутат) партиялық тізімдермен сайланады. Ал, Атырау қалалық мәслихатының 25 депутаты, аудандардың мәслихаттарының 85 депутаттары толықтай мажоритарлық жүйемен сайланады», -деп хабарлаған еді аумақтық сайлау комиссиясынан.