Атырауда полицейлер өртенген үйден 30-ға жуық адамды құтқарды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полицейлер өртенген үйден 30-ға жуық адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өрт кеше, 30 қаңтарда сағат 17:30 шамасында болған.

«Атырау қалалық полиция басқармасы №10 учаскелік полиция бекетінің қызметкерлері «Вокзал маңы-3» шағын ауданындағы көп қабатты үйінің бірінші қабатынан өрт шығып жатқанын байқаған. Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлары, полиция капитаны Серік Жұмырғожиев, полиция аға лейтенанты Ринат Игіліков, курсант Муса Қибашев пәтерге дер кезінде жетіп, өрт шыққан пәтерде ұйықтап қалған адамды аман-есен алып шыққан. Тәртіп сақшылары жалын шарпыған көп қабатты үйден 30-ға жуық адамды құтқарды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда құрылысшылар тұрып жатқан вагондар өртенгенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар