Атырауда прокуратура қызметкеріне алаяқтық жасады деген айып тағылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қалалық прокуратура қызметкеріне алаяқтық жасады деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Материал сотқа түсті. Тергеу нұсқасына сәйкес қалалық прокуратура қызметкері Азамат Қохаманов 2016 жылы жазатайым оқиға салдарынан адам қаза тапқан зауытта жұмыс істейтін механиктен 2 млн теңге талап еткен. Механиктен ол іске еш қатысы болмаса да, жазаны жеңілдетуге уәде беріп, ақша талап еткен», - деп хабарлады сот баспасөз қызметінен.
Негізі 2 млн теңге оған берілген. «Сот өткеннен кейін, механик мемлекеттік айыптаушымен процессуалдық келісім жасасып, бір жылға сотталғаннан кейін прокуротура қызметкері сотталған ер адамнан тағы 2,5 млн теңге талап еткен. Содан кейін ол құқық қорғау органына жүгінген. Соталды тергеумен облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасы айналысты. 2017 жылғы ақпанда Қохманов тұтқындалды. Ол алаяқтық жасағаны үшін айыпталуда, - деді сот өкілдері.