Атырауда сармат дәуірінде көмілген алтын бұйымдар мен қару-жарақ табылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық археологтар біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мың жыл бұрынғы көмбені тапты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Атырау облысы Қызылқоға ауданында ежелгі қорғандардың бірінде қазба жұмыстарын жүргізу кезінде қола ғасырына жататын сармат көмбесі табылды», - деп хабарлады тарихи-өлкетану мұражайының директоры Рашида Харипова.
Оның айтуынша, бұл жәдігер біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мың жыл бұрынғы кезеңге тұспа-тұс келеді.
«Жақсы сақталған көмбеде металды қазан табылды, оның бір құлағы жануар бейнесінде жасалған. Сондай-ақ көптеген зергерлік бұйымдар (соның ішінде алтыннан жасалған), қару-жарақ, тұрмыстық заттар бар», - деді Харипова.




