Атырауда сауда үйі өртенді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау қаласындағы С. Датов көшесінде орналасқан  «Бастау» сауда үйі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда сауда үйі өртенді

«Сауда үйі  бүгін сағат 13.25 шамасында өртенген. Бір қабатты сауда үйін шарпыған өрттің жалпы ауданы 280 шаршы метрді құрап отыр. Өрт 14.38-де толық ауыздықталды. Өртті сөндіруге жеке құрамдағы бірнеше қызметкер мен арнаулы техникалар жұмылдырылды», - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.