Атырауда шағын қайықтар шеруі өтті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Адал жол» марафоны аясында шағын қайықтар шеруі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда шағын қайықтар шеруі өтті

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің xабарлауынша, шеруге шамамен 30 су көлігі - 20 қайық, 2 яхта, 6 гидроцикл және 1 кеме қатысқан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның құрметті қонақтары- каратэден Әлем чемпионы - Әсел Серікова, муайтайдан Әлем чемпионатының қола жүлдегері - Дидар Болатов, Кикбокстан әлем кубогының иегері Азамат Өтемісов.
null

Қатысушылар марафонның жалауын және Қазақстанның мемлекеттік туын көтеріп, орталық көпірден Ретро саябаққа дейін жүріп өтті. Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауидің айтуынша, бұл акцияның мақсаты - қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ халықтың, оның ішінде жастардың барлық топтарының өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.

«Мұндай шараларды өткізу арқылы біздің мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты болашақта оң нәтижесін береді», - дейді Мейірім Қалауи.             

nullnullnull