Атырауда шекарадан заңсыз өткен Тәжікстан азаматына сот үкімі шықты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Шекараны заңсыз кесіп өткен Тәжікстан азаматына сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Сотталушы Н. заңды бұзғаны үшін Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2017 жылғы 24 сәуірдегі қаулысымен Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарылып жіберілген. Сол уақытта оның жеке төлқұжатында басқа есім көрсетілген. Ол өзінің шынайы есімі Р. көрсетілген төлқұжатымен енді қайта Қазақстан Республикасы аумағына кіре  алмайтынын біліп, қылмыстық әрекетке барған. Атап айтқанда, төлқұжатындағы мәліметті толықтай өзгертіп, Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өткен», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен сотталушы Н. кінәлі деп танылып, оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарып жіберу және 481 000 теңге айыппұл  салу жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар