Атырауда шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алған кәсіпкер жауапқа тартылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда  шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа алғаны үшін наубайхана қожайыны жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабында көзделген заңбұзушылыққа жол бергені үшін шағын бизнес иесі 100 АЕК, яғни 240 500 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады. Аталған наубайханада рұқсат қағазынсыз жұмыс жасағаны үшін Өзбекстан елінің 10 азаматына да ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша хаттама толтырылды» деп хабарлады облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетелік, 17 қыркүйекте «Заңсыз келуші-2018» жедел іс-шарасы барысында көші-қон полициясы қызметкерлері 447 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Қазақстан Республикасы аумағында жүріп-тұру ережелерін бұзған 384 шетелдік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, шетел азаматтарын жұмысқа тарту ережесін бұзып, олардың еңбегін заңсыз пайдаланған 16 атыраулық азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған жедел алдын алу іс-шарасы 20 қыркүйекке дейін жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар
telegram