Атырауда сот аймақтың бұрынғы басшысы Бергей Рысқалиевтың туған інісі Аманжан Рысқалиды қамауға алуға санкция берді

АТЫРАУ. 1 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Атыраудағы № 2 қалалық сот Аманжан Рысқалидің қамауға алуға санкция берді.
None
None

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевтің хабарлауынша, тергеу органдары оны 2008 жылы алаяқтық жолымен құрылыс компаниясынан 9 пәтерді алғаны бойынша айыптауда. Сол арқылы ол заңды тұлғаға 200 млн. теңгеге материалдық шығын келтірді.

«Қазіргі уақытта А.Рысқали алдын ала тергеу органдарынан жасырынуда, оның қайда жүргені белгісіз. Оған ҚР ҚК-нің 177 бабының 3 бөлімі («б» тармағы)  - «Алаятық» бойынша сырттай айып тағылды. 2012 жылдың 1 қазанында Атыраудағы № 2 қалалық сот азамат Рысқали Аманжан Сәулебайұлын екі айлық мерзімге қамауға алуға санкция берді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін айтылмайды», - деп хабарлады Б.Ғалиев.

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің туған інісі - Аманжан Рысқали аймақта бизнеспен айналысып, бірқатар компанияларды бақылауына алған. «Ақ жол» партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Депутаттық өкілеттігін ағымдағы жылдың қыркүйегінде тоқтатты. Естеріңізге сала кетейік, бұл облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің іздеуге жарияланған екінші туысы. Соттың қамауға алу санкциясымен сондай-ақ бұрынғы әкімнің әпкесінің жұбайы  - Руслан Әлбақасовқа да іздеу жарияланды. Оның компаниялары мен фирмалары бірнеше жыл бойы бюджеттен әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға бөлінген миллиардтаған теңгені игеріп отырған.

Соңғы жаңалықтар