Атырауда сотталған Өзбекстан азаматы көз жұмды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда сотталған Өзбекстан азаматының өлімі тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сотталған Өзбекстан азаматының денесі УГ-157/9 күзет мекемесінде 8 мамырда табылды. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр», - деді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы Мирболат Куписов.
Сотталушы Өзбекстан азаматы болған.