Атырауда стационарлардың жансақтау бөлімінде жатқан 100 науқастың жағдайы ауыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда инфекциялық стационарлардың жансақтау бөлімінде жатқан 100 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда стационарлардың жансақтау бөлімінде жатқан 100 науқастың жағдайы ауыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, инфекциялық стационарларда емделуге оқшауланған науқастар саны 1 789-ға жеткен.

«Қазір 3 012 орны бар инфекциялық стационарлардағы жүктеме 59,3%-ды құрайды. Ал, стационарлардың 114 орындық жансақтау бөлімінде емделіп жатқан 100 науқастың жағдайы ауыр. Оның ішінде 14 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Мұндағы жүктеме 87,7%-ға жетті» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кен орнында коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін жазған едік.