Атырауда су үстіндегі вокзал салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда өзен вокзалының жобасы дайындалуда, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда су үстіндегі вокзал салынады

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов жергілікті кәсіпкерлер мен тауар өндірушілермен кездесу барысында мәлімдеді.

«Қазіргі таңда әкімдік жылу маусымында өзен трамвайлары жүретін екі айлақты бөліп берді. Біз сіздің рұқсатыңызбен осы аумақты тазалап, көгалдандырып, онда гүлдер өсіріп, орындықтар қойсақ деп едік, - деп әкімге ұсынысын білдірді «Амангелді» ЖШС директоры Сәбит Сағидуллин.
null 

Бұл сауалға Серік Шапкенов оң жауабын берді.

«Мен сізге айтып берейін - Атырауда өзен вокзалын салғымыз келеді, оның жобасы әзірленуде. Ол мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асырылатын болады. Жоба бойынша, қайда және қалай орнату керектігін де айта аламыз. Егер сіз аумақты қабылдауға дайын болсаңыз, оны көгалдандырып, өсіріп, баптаңыз және жаңа жұмыс орындарын ашыңыз - бұл керемет, біз сізге осы мүмкіндікті береміз », - деді әкім.
null 

Қала əкімінің айтуынша, Жайық - Еуропа мен Азия арасында ағып жатқан бірегей өзен, ол Атырау қаласына арналған визит карточкасы болып саналады, ал су үстіндегі вокзал Қазақстанның мұнайлы астанасына туристерді тарту үшін жаңа мүмкіндік.  

null