Атырауда суға батып кеткен жасөспірімнің мүрдесі табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында бірнеше күн бұрын суға кеткен жасөспірімнің денесі бүгін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жайық өзеніне 19 маусым күні батып кеткен 2003 жылғы жасөспірімнің денесі бүгін сағат 08-30-да судан шығарылды. Қайықтағы 2 құтқарушы көмегімен жергілікті тұрғындар жасөспірімді тауып алған. Оқиғаны көрген куәгерлердің айтуынша, жасөспірім суға түсуге тыйым салынған жерде батып кеткен», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, Атырау облысында сейсенбі күні бірден екі адам - 8 жасар бала мен 15 жасөспірім суға кеткен болатын. Бүгін тек жасөспірімінің денесі табылды. 

Соңғы жаңалықтар