Атырауда супермаркетке «бомба қойған» ер адам тұтқындалды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда супермаркетке бомба қойылғалы жатқандығы жөнінде жалған хабар таратқан ер адам тұтқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жалған хабар таратқан адам бұрын сотты болған және жақында ғана бостандыққа шыққан жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу соты оған лаңкестік әрекеті дайындалып жатқаны туралы жалған хабар таратқаны үшін 2 ай көлемінде қамауда ұстау жазасын тағайындады», делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.
Мәлімет бойынша, тұтқындалған ер адамға ҚР ҚК 273-бабында (Лаңкестік әрекет дайындалып жатқаны жөнінде қасақана жалған ақпарат тарату) көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылды. Бұл бап бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.