Атырауда сүт өнімдерінен алынған 48 сынаманың талапқа сай еместігі анықталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда сүт өнімдерінен алынған 48 сынаманың белгіленген талапқа сай еместігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің бас маманы Гүлжамал Жұбанышеваның мәліметінше, жыл басынан бері сүт және сүт өнімдерінен 181 сынама алынған.
«Мақсат – Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің, бірыңғай
санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарының сәйкестігін зерделеу.
Сынама қорытындысымен техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға 48 сынама
сәйкес келмеді. Өйткені сынамадан физико-химиялық көрсеткіштер, сынамадан
таңбалануы бойынша сәйкессіздік анықталды. Мұндай сәйкессіздіктің негізгі үлесі
импорттық сүт өнімдеріне тиесілі болып отыр. Бұл көрсеткіш жалпы сәйкес емес өнімнің
26,5%-ын құрайды. Осыған байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне ел заңнамасының
талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, тәртібі түсіндірілді», -дейді
ГҮлжамал Жұбанышева.
Оның айтуынша, сатуға арналған сүт өнімдерінің сыртқы қорабында өнімнің тауар
белгісі, таза салмағы, құрамы, партияның нөмірі, сондай-ақ, дайындау және жарамдылық
мерзімі болуы тиіс. Ал, сатып алу кезінде өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттары мен
сәйкестігі туралы декларациясы болуы керек. Өнімдердің сақталу, тасымалдау
ережелерінің бұзылғаны анықталған жағдайда тұтынушы жергілікті санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлай алады.
«Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы №67 шешімімен
Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті
қабылданған еді. Бұл регламент міндетті түрде сақталауы қажет», -деп мәлім етті
Гүлжамал Жұбанышева.