18:04, 16 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Атырауда сынған термометрлерден төгілген сынап жинап алынды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда сынған термометрлерден төгілген сынап жинап алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 13 қыркүйекте сағат 11:23-те «Ақбарыс» ЖШС-дан екі дана термометрдің (градусник)
сынғаны туралы хабар түскен.
«Атырау қаласындағы Абай көшесі, №2 «А» мекен-жайында орналасқан серіктестікке жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел жіберілді. Олар сынған термометрлерден төгілген сынапты жинап, арнайы контейнерге салу жұмыстарын жүргізді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында балабақшаны улады деген жалған
ақпарат тарағанын хабарлаған болатынбыз.