Атырауда таэквандодан V жазғы Спартакиада өтті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда өткен таэквандодан V жазғы Спартакиададан облыс құрамасы 1 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спортшы Айгүл Елубай 73 келіде Спартакиада чемпионы атанды. 46 келіде Айдана Еділбаева, 58 келіде Сағдат Жолдасбаев, 74 келіде Алмас Меллатов және +87 келіде Үмбет Шәкиев күміс жүлдеге ие болса, 67 келіде Жадыра Хайруллина және +73 келіде Майра Сүйенбекова қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, 3-4 тамыз күндері Атыраудада таэквондодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиада ойындары өтті. Еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам спортшы өзара мықтыны анықтады.