Атырауда таеквондодан екі бірдей Азия чемпионаты өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - IX жастар арасындағы Азия чемпионаты мен пумсе бойынша IV жастар арасындағы Азия чемпионаты Атырау қаласында өтетін болады, деп хабарлайды dodasport.kz .
Сайыстар 11-13 сәуір аралығына жоспарланған. Айта кету керек, Атырауда тағы бір айтулы таеквондо додасы, G-1 «Kazakhstan open» - лицензиялық турнирі өтеді.
«Атырау қаласында осындай деңгейдегі сайыстардың өтуі Қазақстан үшін үлкен жетістік. Бізде де таеквондо спорты қарқынды дамуда. Олимпиада чемпионы, түрлі әлемдік деңгейде мамандар шыққан Атырау облысы әлемдік сайыстарды қабылдауға дайын», - дейді Атырау облысы таеквондо федерациясының президенті Арман Тоғаев.