Атырауда тағы да жел күшейіп, шаңды дауыл көтерілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда тағы да жел күшейіп, шаңды дауыл көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда тағы да жел күшейіп, шаңды дауыл көтерілді
Photo from open sources

Бүгін, 25 сәуірде таңертең жаңбыр сіркіреген еді. Алайда, одан кейін жел екпіні күшейіп, шаңды дауылды көтеріп жіберді. Екпіні секундына 20-22 метр жылдамдыққа жететін жел соғып тұр.

Кеше 112 қызметінен «Атырау облысында 25 сәуірде жел ұйытқып, шаңды дауыл болады», - деген ескерту келген еді.

Ал, полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды. «Жолда жүру ережесін, көліктер арақашықтықты сақтау қажет», - дейді полицейлер.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда екі күн қатарынан, 12 және 13 сәуірде шаңды дауыл соқты. Қатты желдің салдарынан Каспий жағалауындағы 3 гектарда қамыс бықсыды.

«Атырау қаласында түтіннің иісі сезілді. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы Атырау қаласына жақын орналасқан Дамбы ауылынан 30 шақырым қашықтықтағы Каспий теңізінің жағалауына барлау жүргізді. Жедел топ теңіз жағалауына жеткен кезде қамыстың өртенбегенін анықтады. Алайда, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында шамамен 3 гектар аумақта қамыстың тамыры бықсып жатыр», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Кейін Атырауды тағы да шаңды дауыл басты.