Атырауда ташкенттік пойызда кеденшілер 21 антиквар зат тәркіледі
Атырау облысының кедендік бақылау департаментінен хабарлағандай, контрабанда «Ақкөл» кедендік бекетінде жүргізілген тексеру барысында мейрамхана-вагонда табылды. Кеденшілер вагонның подвалынан және азық-түлік сақтайтын жайларынан қазан, құмыра, мангал, самауыр, ваза, леген, шәйнек және шыныаяқ сияқты барлығы 1701 бірлік антиквар бұйымдарды тәркіледі. Мүліктің иесі - Өзбекстан азаматы болып шықты.
«Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жасаған сараптама бойынша, 21 мүліктің тарихи және антикварлық құндылыққа ие екені анықталды. Сот-тауартану сараптамасы тәркіленген дүниенің барлығының құнын 1,5 миллион теңгеге бағалады», - деп хабарлады кедендік бақылау департаментінен.
Контрабанданы алып өтпек болған Өзбекстан азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды.