Атырауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 200 орындық жатақхана ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 200 орындық жатақхана ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа жатақхана Атырау жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін арналып салынған.

Бұл колледж 74 жылдан кіші буын медицина қызметкерлерін даярлап келеді. Қазір колледжде 1 365 студент білім алады.

Оның ішінде 800-ден астамы – ауылдан келген жастар.

«Жатақхана Елбасы Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеуі мен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жастар жылы» шеңберінде жастарды қолдау іс-шараларын жүзеге асыру туралы Үкіметке берген тапсырмасы аясында салынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Вируспен күрес кезінде дәл осы сала еліміздің бәсекеге қабілеті мен қауіпсіздігі үшін маңызды екеніне көзіміз жетті», - деп, атап көрсеткен еді. Өйткені, басты міндет – халық саулығын қорғау және сапалы медициналық қызмет көрсету. Осыған орай өңір медицинасын дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тәуелсзідіктің 30 жылында 65 денсаулық сақтау ғимараты қолданысқа берілді. Қазір облыстағы медициналық техникамен жабдықталу көрсеткіші 91%-ті құрайды», -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігін жою үшін жыл сайын облыс әкімінің гранты бөлініп, жас мамандарға әлеуметтік қолдау тұрақты түрде көрсетіліп келеді.

Мәселен, 2017 жылдан бері дәрігер кадрларды дайындауға облыс әкімінің 335 гранты бөлінген.

Соңғы үш жылда медицина қызметкерлеріне 89 пәтер берілген.

Көпбейінді жоғары колледж жатақханасы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.

Мұнда ем қабылдау, оқшаулау, алғашқы медициналық көмек көрсету, өзін-өзі дайындау бөлмелері, сондай-ақ, бассейн, фитнес, оқу, мәжіліс залдары, асхана бар.

Жатақхананың әр қабатында демалу, кір жуу бөлмелері қарастырылған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Тәуелсіздік жылдарында Атырау облысында 12 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар