Атырауда төбесі тесік мектептің бастауыш сынып оқушылары онлайн оқуға жіберілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда төбесі тесіліп, су аққан №30 мектеп-гимназияның бастауыш сынып оқушылары онлайн оқуға жіберілді. Бұл биылғы оқу жылының соңына дейін жалғасады, деп хабарлайлы ҚазАқпарат.
None

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің мәліметінше, төбесінен су аққан №30 мектеп-гимназиясының ғимараты 2002 жылы пайдалануға берілген. Ғимараттың шатырынан 2007 жылдан бері су ағады. Мұндай жағдай жақында тағы қайталанды. Мектепте 54 кабинет бар. Бұл жолы шатырдан аққан судан 40 кабинет жарамсыз болып қалған.

«Білім ордасындағы 2075 оқушылардың бәрі онлайн форматта оқуға жіберілді. Қазір мектептің ғимаратын күрделі жөндеудің жобасы бар. Бірінші кезекте шатырға күрделі жөндеу жүргізу қажет. Сол себептен, қазір шатырдың құрылымын өзгерту жөнінде жоба пысықталып жатыр. Бұған біраз уақыт қажет», -дейді Жасұлан Бисембиев.

Оның айтуынша, мектеп кабинеттері бүлінген соң оқушыларды сабақтан қалдырмау мәселесі туындаған. Осыған байланысты бір аптадан бері бірнеше нұсқа қарастырылған.

«Кейбір ата-аналар оқушыларды қашықтан оқытуды сақтау қажеттігі туралы ұсыныс айтты. Өзге ата-аналар балаларды қашықтықтан оқытпауды талап етті. Барлық ұсынысты секеріп, оқу жылының соңына дейін бастауыштағы 1-4-сыныптардың оқушыларын түгелдей онлайн форматта оқуға жіберу туралы шешім қабылданды. Ал, 5-11-сыныптардың оқушыларын мектеп-гимназияға жақын орналасқан екі колледждің бос кабинеттерінде оқыту ұйымдастырылады. Жоғары сыныптардағы оқу сапасын төмендетпеу үшін осындай қадамға баруға тура келді», -деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда өзге мектепке ауысқан оқушылар сабақты 35 минуттан оқитынын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар