Атырауда Трамадол сатып жүрген әйел ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда құрамында есірткі заты бар Трамадол дәрілік препаратының 100 данасын заңсыз сатқан 44 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, 29 қарашада «Дәрмек» іс-шарасы кезінде дәріні заңсыз сатқан тұрғын анықталған.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласындағы Алтай көшесінде 1977 жылы туған азаматшаны ұстады. Оның 100 дана Трамадол мен 63 дана Трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүргені белгілі болды.

Қазір ұсталған азаматшаға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу) толтырылған іс-құжаттары Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаментіне шешім қабылдау үшін жолданды», - дейді Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының тұрғыны 1 келіге жуық есірткімен ұсталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар