Атырауда түнімен көше кезген 131 жасөспірім ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда үш күнде түнімен көше кезген 131 жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір полицейлері 12-14 қарашада «Жасөспірім» іс-шарасын өткізіп, ата-аналар тарапынан 147 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

«Полиция қызметкерлері ұрлық жасап, іздеуде жүрген 17 жасар жасөспірімді ұстады. Үш күнде ата-аналар тарапынан 147 әкімшілік құқықбұзушылық жасалғаны белгілі болды. Олардың ішінде 14-і ата-аналық міндетін орындамаған, біреуі кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік сатқан. Бір жасөспірім қоғамдық орында масаң күйде жүрген. Түнгі сағат 23:00-ден кейін көше кезген 131 жасөспірім анықталды» деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, полицейлер есепте тұрған 92 жайсыз отбасы мен 44 жасөспірімді мекенжайы бойынша тексерді. Қазір полиция департаментінің профилактикалық есебіне 1 жасөспірім, қолайсыз 6 отбасы алынды.


Соңғы жаңалықтар