Атырауда Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда жемқорлық әрекетке барды деген күдікпен қалалық Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Атырау облыстық сотының хабарламасына сілтеме жасап.
None
None

Ведомство ақпаратына сүйенсек, 26 желтоқсанда Атырау қалалық №2 сотына  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің тергеушісінен күдікті К-ні қамауға алуға қатысты өтініш түскен.

Тергеуші келтірген мәліметке сәйкес, жауапты қызметтегі күдікті К. айтарлықтай көлемде  пара алған.

Қазір аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар