Атырауда туристер Қызыл кітапқа енген тұңғиықгүлді жұлған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында туристерден Қызыл кітапқа енген лотос гүлдері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23-30 тамызда аралығында өңірде «Таза Қазақстан» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның мақсаты – экология заңын бұзғандарды анықтау және жолын кесу. Іс-шара аясында Құрманғазы полиция бөлімі аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясымен бірлесіп рейд өткізді. Қиғаш өзеніне жасалған рейд кезінде «Ямаха» маркалы моторы бар «Бударка» қайығы тексерілді. Оны Құрманғазы ауданы Приморск ауылдық округінің тұрғыны жүргізіп келе жатқан.

Полицейлер қайықтағы алты жолаушыдан Қызыл кітапқа енген 8 тұңғиықгүлді тапты. Олар Атыраудан Құрманғазы ауданына гүлденген лотосты тамашалау үшін арнайы келгендерін айтты. Тәртіп бұзушылар жазаланады», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, тұңғиықгүл тек Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қиғаш және Шора өзендерінде, 5 мың гектар алқапта өседі.


Соңғы жаңалықтар
telegram