Атырауда ұлттық паралимпиада мен сурдолимпиада құрамалары қатарына 76 спортшы кірді

Е.Нетжановтың айтуынша, соңғы жылдары облыста мүгедектерге арналған спорт клубы қарқынды дамып келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды денешынықтыру мен спортқа тарту үшін облыстың жеті ауданында спорт нұсқаушылары жұмысқа алынды. Бүгінде облыста 1230 мүмкіндігі шектеулі адам спортпен шұғылданса, оның 630-ы физиотерапиялық жаттығулармен айналысады.
Мүгедектер спорт клубына спорт кешені бөлініп, спортшыларды үйлерінен тікелей оқу-жаттығу жиындарына жеткізу үшін төрт көлік бөлінді.
Спорт кешенінде барлық санаттағы 390 мүгедек спортшы спорттың 17 түрімен тегін айналысуда. Ауылдық жерлерде спортпен шұғылданатын бұл топтағы спортшылар саны 165 адамды құрайды. Олардың арасында еңбек сіңірген үш спорт шебері, үш еңбек сіңірген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі 25 спорт шебері, 84 спорт шебері, 236 спорт шеберіне үміткер бар. ҚР Паралимпиада және сурдлимпиада құрамасына 76 спортшы енді.
Иллюстрациялық фото/ paralympic.kz